Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы қызды болуды армандағанын мәлім етті.
Мен қатты қаладым, бірақ үлгермедік – Ләйлә Сұлтанқызы құпиясын ашты
28,940
оқылды

Ол әлеуметтік желіге салып жүрген қыз өзінің марқұм ағасы өмірден өткеннен кейін дүниеге келген алтыншы баласы екенін де жасырмады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Журналист бұл арманын "Ұйқым келмейді" бағдарламасында айтты.

"Ол қыздың есімі – Мәриям, қазір үштен асты. Мәриямның атына сай, мен қор аштым. Ол қорда бала сүйе алмай жүрген отбасыларға тегін эко жасаймыз. Қазіргі таңда 20-ға жуық отбасына көмектесуге ниетіміз бар, қазір біздің бағдарламада 14 отбасы бар. Соның жартысынан көбінің аяғы ауыр. Осыған дейін мен екі жылдай эко-орталыққа барып жүргенде неше түрлі отбасыны көрдім, жылаған ер азаматтарды көрдім. Соның бәрі жүрегіме батты. Экоға миллиондап қаражат жұмсауға бәрінің жағдайы жоқ. Бір отбасына көмектесіп көрсек қалай, екі отбасына көмектесіп көрсек қалай деп Салтанат Байқошқароваға айттым. Ол кісі бірден қолдай кетті. Былтыр біз 5 отбасына эко жасауға көмектестік. Мен өте қатты қызды болуды қаладым. Құдайдың жазғаны ғой, біз үлгермедік", – дейді ол.