Республиканың басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты күн құбылмалы болады.
19 қараша күні еліміздің басым бөлігінде жел күшейіп, тұман түседі
1,539
оқылды

«Қазгидромет» синоптиктері 19 қараша күніне ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Республиканың басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты күн құбылмалы болады. Жауын, қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ болады, еліміздің солтүстігінде бұрқасын болады.

Ал республиканың батыс бөлігінде солтүстік-батыс антициклонның ықпалымен күн жауын-шашынсыз болады. Қазақстан бойынша тұман түсіп, жел күшейеді.

Түнде Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, Қарағанды облысының солтүстігінде, Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында 30 м/с және одан аса өте қатты жел күтіледі.