Қазіргі таңда патрульдік жасақ күшейтілген жұмыс режиміне көшірілді.
Ақмола облысында негізгі жолдардың барлығы жабық
1,203
оқылды

Ақмола облысында ауа райына байланысты көлік құралдарының барлық түріне қозғалыс шектелді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, қазіргі уақытта Көкшетау-Омбы, Көкшетау-Рузаевка, Алматы- Екатеринбург халықаралық маңызы бар трасса учаскесі, Астана-Петропавл, Көкшетау-Щучинск, Көкшетау- Петропавл, Көкшетау-Атбасар, Щучинск-Зеренді автожолдарын жабу туралы шешім қабылданды.

Полиция трассалардың жабылуы туралы хабарламаларды назардан тыс қалдырмауға және елді мекендерден шықпауға кеңес берді.