Қазақ қоғамына кең тараған сериалда Айсара келіннің рөлін сомдаған Дариға Бадықова бұл туралы журналист Асхат Садырбайдың жобасына берген сұхбатында әңгімелеп берді.
Айсара ​«Келінжан» сериалына түскені үшін қанша ақша алғанын мәлімдеді
49,038
оқылды

Танымал актриса, кейінгі кездері продюсер ретінде де өзін сынап көрген өнер иесі Дариға Бадықова ​«Келінжан» сериалына түскені үшін қанша қаржы алғанын мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

«Жалпы, жақсы табамын. Мен осы жерде айтайын, продюсерлердің ішінде Гүлнұр Мамасарипова жақсы төлейді. Еңбегіңді жемейді. Келіскен бағаңды береді. Екі ортада мәміле болады ғой», – дейді актриса.

Сондай-ақ ол «Келінжан» жобасынан түскен табысы туралы да жайып салды.

«Аккордно деген бар. 7 күнге осындай, 9 күнге осындай сома деген. Осы жолы 9 күнге 6 миллион алдым», – дейді актриса.