18 қарашада Жаркент маңында екі "Ауди" көлігі соқтығысты.
Жаркент маңында екі автокөлік соқтығысып, өртке оранды
663
оқылды

Оқиға орнынан ауруханаға 5 адам жеткізілді, оның біреуі медициналық тексеруден кейін ауруханаға жатқызылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Автокөліктер "Алматы-Қорғас" тасжолының 336-шақырымында соқтығысқан.

Алдын ала болжам бойынша, автомобильдердің бірінде дөңгелегі жарылып, салдарынан жүргізуші рөлге ие болмай, басқа көлікпен соқтығысқан.

"Бұл жағдай кейіннен екі шетелдік көліктің де өртенуіне себеп болды. Өртті оқиға орнына шақырылған өртке қарсы қызметінің өрт сөндірушілері өшірді. Полиция апаттың барлық жағдайларын анықтап жатыр", – деп жазылған Polisia.kz-те.