Астана полициясы сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын мәлімдеді.
Астанада лифттің темір құрылғысы әйелдің басына түсіп кетті
780
оқылды

Астанада лифттің темір құрылғысы әйелдің басына құлап кетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Vse_novosti_kz ақпарат көзінің жазуынша, оқиға 18 қарашада Астанадағы Байтұрсынов көшесіндегі көпқабатты үйде болған. Лифттегі әйелдің үстіне темір конструкция құлаған.

Желіде оқиға орнынан түсірілген суреттер пайда болды.

Куәгерлер қыздың басына құлаған темірді көрсетті, онда жәбірленушінің қанының ізі бар.