Олар денсаулық сақтау орнында өткізген 24 сағатта «өлім аймағында» болғанын мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Газадағы ең үлкен және заманауи аурухана – Әл-Шифа іс жүзінде жұмысын тоқтатты деп мәлімдеді. Сонымен қатар, мұнда әлі де 300 ауыр науқас пен көптеген дәрігерлер бар, бірақ ауруды басатын дәрілер мен антибиотиктер таусылған.
Бір дәрігердің айтуынша, кейбір науқастардың жарақаттары құрттап кетіп жатыр.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілдері снаряд іздерін көргендерін айтады. Ауруханаға кіреберісте ДДҰ деректері бойынша 80 адамның сүйегі жерленген бейіт бар.
Сенбі, 18 қазанда жүздеген адам Әл-Шифа ауруханасынан шығарылды. ДДҰ қалған науқастар мен қызметкерлерді сектордағы басқа мекемелерге жедел эвакуациялауды ұйымдастыруға тырысуда.
Айта кетейік, ХАМАС лаңкестерінің шабуылынан кейін Израильге жауап ретінде Газа секторына басып кірді. Израиль басшылығы ХАМАС-ты толығымен жоюды мақсат етті. Газа денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, соғыс басталғаннан бері бұл жолақта 11 мыңнан астам адам қаза тапқан.