Ақтөбе облысында жол апатынан үш адам мерт болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
19 қараша сағат 05:45 шамасында Ақтөбе-Орынбор тасжолының 7-шақырымы Мәртөк ауылының маңында Audi, Lexus және Subaru forester автокөліктері соқтығысқан.
Салдарынан Lexus және Subaru forester автокөлігінің жүргізушілері мен Subaru-да болған жолаушы оқиға орнында қаза болды.
Lexus жолаушысы Мәртөк ауданының ауруханасына жеткізілді.
ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.