Жер үй өртеніп жатқаны туралы хабарды алысымен өрт сөндірушілер оқиға орнына дереу жеткен.
Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жалпы ауданы 15 шаршы метр болатын екі қабатты тұрғын үйдегі өртті сөндіру жұмыстарына дереу кірісті.
Азаматтық қорғау майоры Нұрлыбек Қатапов кезекшіліктен тыс уақытта өрт шыққан үйдің маңынан өтіп бара жатып, дереу өрт шарпыған үйге кірген. Нәтижесінде өрт ошағында қалған 81 жастағы қарт әжені көтеріп, далаға қауіпсіз жерге шығарды.
«81 жастағы қария үшінші дәрежелі күйік алғаны анықталды. Қазіргі уақытта науқас облыстық аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылды" – делінген Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті таратқан мәліметте.
Баян Жанұзақова