Кешегі алай-түлей дауылдан Павлодар өңірінде 42 нысанның шатырын жұлып әкетті.
Павлодар облысында 40 шақты ауыл жарықсыз қалды
651
оқылды

Жалпы, алғанда, 100-ге тарта ауылда жарық сөнген. Дегенмен 60 елді мекенде үзілген сымдар қайта жалғанып, ток қосылған. Әзірге 40 ауыл жарықсыз отыр. Құлаған ағаштар көліктерді басып қалған. Автобус аялдамалары да төңкеріліп жатыр. Азаматтық қорғау қызметінің күштері мен құралдарын пайдалана отырып, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр, – дейді Төтенше жағдайлар қызметі.

Мамандар күн райы түзелгенше алыс жолға шықпауға шақырады.