Әлемдік нарықтың шамамен 93 пайызына ие Google-дың қадам-қарекеттері сарапшыларды қайран қалдырып отыр. Бұл туралы massaget.kz хабарлады.
Дегенмен, Sauap.org бұдан құтылудың жолын көрсетті. Себебі, "электронды қырғынға" тек белсенді емес аккаунттар ілігеді. Сондықтан Gmail-ды ұзақ уақыт пайдаланбаған адамдар өз аккаунтына кіріп, жазбаларын жаңартса, поштасынан жақын адамына бір-екі сөйлемнен тұратын хат-хабар жіберсе немесе өз аккаунтынан кіріп, YouTube желісінде бейнежазба тамашаласа, жеткілікті.
Қайта қаралған саясатына сәйкес, бұдан былай Google пайдаланушылардың e-поштада авторизацияланып, хат-хабар жазысуды, Google Drive-ты қолдануды, YouTube желісінде бейнежазбалар қарауды, фотосуреттер алмасуды немесе бағдарламалық қамтылымды, қосымшаларды жүктегенді "белсенділік" деп танитын болады.
Бұл кеңесті Google-дың құлақтандыруы да растайды. Google түсіндіруінше, аккаунттың белсенділігі құрылғының – смартфонның, компьютердің, ноутбуктің немесе басқасының емес, нақты аккаунттың жиі пайдаланылуын талап етеді. Басқаша айтқанда, белсенділігін паш ету үшін пайдаланушы авторизациялануға тиіс.
Бұған қоса, Google-дың бірнеше аккаунты бір құрылғыда қолданылса, онда оның әрқайсысының белсенділігі де жеке-жеке бағаланатын болады.
Әйтпесе, әлемде миллиондаған адам бір мезетте өз аккаунттарын жоғалтып алмақ.
Әлемдік алпауыт соңғы 2 жыл бойы белсенді болмай, құр жатқан миллиондаған Gmail есептік жазбаларын жоятынын мәлімдеді. Бұл шара пошталық сервисті елеулі жаңарту науқаны аясында жасалады. Google адамдардың жұмысына, оқуына қатысты дербес аккаунттарға, сондай-ақ кез келген ұйыммен байланысты аккаунттарға тиіспеуге уәде етті.
Google компаниясы соңғы жылдары жаңа саясатын жүзеге асыратыны туралы өз пайдаланушыларын ескертіп келді. Ол 2023 жылғы 1 желтоқсаннан бастап, Gmail және Google Drive сервистеріндегі белсенді емес аккаунттарды өшіріп тастауды қарастырады. Олардағы барлық ақпарат қалпына келтіру мүмкіндігінсіз, мәңгілікке жoйылады.