Мемлекет басшысы былтыр жасаған Жолдауында Балалар жылы аясында «Ұлттық қор – балаларға» атты бағдарлама іске қосылатынын айтқан еді.
Президент тапсырмасы: Ұлттық қор табысының 50 пайызы балаларға аударылады
1,261
оқылды

Ал бірер күн бұрын Президент Ұлттық қордан балаларға арналған қаражатты есептеу, төлеу және пайдалану мәселелері туралы құжатқа қол қойды. Енді келер жылдың қаңтар айынан бастап Ұлттық қордың инвестициялық табысының 50 пайызы балалардың жеке шотына аударылады. 

Бұдан бөлек Президенттің былтыр ғана ұсынған сайлауалды бағдалармасындағы қандай дүниелер іске асты?

Соның бірқатарына тоқталып өтсек...

1) Әуелі бала күтімі бойынша мемлекеттік жәрдемақы мен әлеуметтік төлем төлеу мерзімі 1 жылдан 1,5 жылға дейін ұзартылды. Биыл 1 қарашадағы дерек бойынша, 632 мың ата-ана 258 млрд теңгеден астам төлем алды.

2) 2023 жылы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы мөлшері 60 мың теңгеден 70 мың теңгеге дейін көбейді. Әртүрлі меншік нысандарындағы кәсіпорындарда барлық сала бойынша жұмыс істейтін шамамен 1,8 млн жалдамалы қызметкердің табысы өсті.

3) Бұрын тауар түрінде берілген атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алушылар қатарынан 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға арналған кепілдендірілген әлеуметтік пакет монетизацияланды. Биыл 1 қарашадағы жағдай бойынша 6 млрд теңгеге 182 мың балаға қосымша төлем тағайындалды. 

4) 2024 жылы шәкіртақы мөлшері:

Бакалавриат – 47 135 теңге (педагогикалық бағытта – 75 600 теңге);

Магистратура – 107 061 теңге;

Докторантура – 240 000 теңге болмақ.

Ал бұл жөнінде бұған дейін "Мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасы қалай жүзеге асып жатыр?" деген материалымызда толығырақ жазылған. 

Фото: Akorda.kz