Лаура Мырзағали Талғардағы аурухана басшысы қызметінен шеттетілді.
Талғардағы аурухана басшысы қызметінен неге шеттетілді?
1,340
оқылды

A-Class Medical сенімді басқарушы компаниясы Талғар аудандық орталық ауруханасының медициналық директоры Лаура Мырзағалиді қызметін атқарудан шеттетті, – деп хабарлайды Аikyn.kz тілшісі аурухананың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Лаура Мырзағалидің қызметтік тергеуге байланысты қызметінен шеттетілгені атап өтілді.

"Шешім жергілікті интернет-қауымдастықтар парақшасында ұсынылған дәлелдер мен материалдар негізінде қабылданды. Шеттетудің мақсаты – Талғар ОАА медицина қызметкерлеріне қатысты заңсыз әрекеттерді тергеудің бейтараптығын қамтамасыз ету", – деп хабарлайды Талғар аудандық орталық ауруханасы.

Қызметтік тергеу жүргізу үшін құрылған комиссия ұсынылған деректер мен мән-жайды талдайды.

"Басқарушы компания тергеу барысында объективтілік пен әділдік қағидаттарының сақталуына кепілдік береді", – делінген хабарламада.