Атырау қаласында қатты жел салдарынан үйлердің, ғимараттардың шатыры ұшып кетті.
Атырауда дауылдан бірнеше үйдің шатыры ұшып кетті
532
оқылды

Құтқарушылар күшейтілген жұмыс режиміне көшіріліп, шұғыл түрде авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізіп жатыр.

"Мәселен, Атырау қаласында қатты желдің салдарынан Махамбет көшесі 118 «г», Нұрсая ауданы №1,  Әуезов №58, Н. Ондасынов №109, Азаттық даңғылы №133 «б», Азаттық даңғылы №67, Қ. Ахмедияров к-сі №19, Байжігітова №61 мекен жайында орналасқан үй мен ғимараттардың шатыры ұшып, балкон құлаған, теректер сынған деректер орын алды.

Төтенше жағдайлар орындарында Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары альпинистік жабдықтар мен авариялық-құтқару құралдарының көмегімен конструкцияның авариялық фрагменттерін бекітіп, зақымдалған бөлшектерді алып тастап, жолдарды бүлінген шатыр конструкцияларынан тазартты", – делінген Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті таратқан мәліметте.

 

Баян Жанұзақова