Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов футболдан Қазақстан құрамасының ойынын сынға алды.
Отандық футбол 30 жылда тым көп адамның өмірі мен ақшасын алды – Қуат Хамитов
838
оқылды

Журналистердің сауалына жауап берген спорт шебері қазақ футболына көңілі толмайтынын жеткізіп, ұлттық құраманың соңғы ойынына баға берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұған дейін Қазақстан құрамасы Астанада Сан-Марино командасын ұтып, Еуро-2024 іріктеу кезеңіне жолдама алу мүмкіндігін сақтап қалған еді, Хамитов ұлттық құраманың осы жеңісін сынады.

"Мен ойынды көрген жоқпын, бірақ ұлттық құраманың осындай әлсіз командадан гол жіберіп алуы – белгі, шынымды айтсам, 300 адамы бар ұшақ құлап, оның ішінде тек 10-ы аман қалғандай әсер қалдырады.

Барлығы қуанып жатыр, өйткені аман қалғандар бар, бірақ мен олардың көпшілігінің жоқ екенін көріп тұрмын. Қалай қарасаңыз да, отандық футбол өзінің өмір сүрген 30 жылында тым көп адамның өмірі мен ақшасын алды", – деді Қуат Хамитов.