Бұл шара қоғамдық тәртіпті сақтауды және көшелердегі профилактиканы күшейтуді көздейді.
Полиция ел аумағында кең ауқымды операцияны бастады
625
оқылды

Полиция қызметкерлері қызметтің күшейтілген режиміне ауыстырылды, – деп хабарлады Aikyn.kz.

ІІМ мәліметінше, саяжайларда, құрылыс объектілерінде, базарларда, шаруа қожалықтарда, жалдамалы пәтерлерде, шалғай жерлерде тексеру жүргізіледі.

Алкогольді ішімдік ішу, қоғамдық орындарда мас күйде жүру, белгіленбеген жерлерде темекі шегу, ұсақ бұзақылық жасау, ортақ пайдалану орындарын ластау, тыныштықты бұзу, отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтарға жол беру сынды құқықбұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілік» қағидаты қолданылады.

Қорғау нұсқамасы шығарылған, мінез-құлқына ерекше талаптар қойылған, ІІО есебіне алынған адамдар, маскүнемдер, нашақорлар, тұрмысы нашар отбасылар арасында құқықбұзушылықтардың алдын алу бойынша рейдтер жүргізіледі.

Сонымен қатар, жол жүрісі қозғалысы мәселесіне бақылау күшейтілді. Стихиялық қоқыс орындарын және олардың шығу көздерін анықтау бойынша шаралар қабылданып жатыр. Операцияның негізгі бағыты – қоғамдық тәртіпті сақтауды және көшелердегі профилактиканы күшейту.

"Әр қызметкер заң атынан нақты әрекет етуі керек. Азаматтармен сыпайы болуды ұмытпау қажет. Заң бәріне бірдей", – деп атап өтті Ішкі істер министрі Ержан Саденов.