"Жұлдызды шаңырақта" бағдарламасына қонақ болып барған Талғат Жорабаев әпкесі қыздарын әкесінен бөлмейтінін әңгімеледі.
Алтынай Сәбитті жамандаған емес: Талғат Жорабаев бұрынғы жездесі туралы айтты
1,906
оқылды

Оның сөзіне қарағанда, Алтынай Жорабаеваның қыздарына әкесін ешқашан жамандамаған, деп хабарлайды Aikyn.kz.

Талғат Жорабаев Алтынайдың қыздарын әкесіне әрқашан жіберіп тұратынын алға тартты.

"Жағдайын сұраңдар" дейді. Бауыры болған соң, Алтынайдың жанында көбінесе мен болдым. Қанша ұрысса да, қыздарын әкесіне ешқашан қарсы қойған емес. "Жағдайын сұрап тұрыңдар. Барыңдар. Ауырса, хәлін сұраңдар. Қандай болса да, әкелерің" дейді. Өзім Сәбитпен көріп қалғанда, сәлеміміз түзу. Көргенде амандасқан кезіміз болды. Амандасқан кезде, қолын бермей қойған кезі болды. Ол өзінің санасындағы дүние. Мен барынша кішіпейіл болуға, тәрбиелі екенімді көрсетуге тырысамын. Етене араласу, сәбилі болуымен құттықтау деген жоқ", - деді Талғат Жорабаев. 

Айта кетейік, Алтынай Жорабаева осыдан бірнеше жыл бұрын бірінші жұбайы Сәбит Әбдіхалықовтан ажырасқан болатын. Төрт қызымен қалған әнші 2020 жылы қайта тұрмысқа шықты.