Күдікті ретінде 27 жастағы жігіт іздестіріліп жатыр.
Макинск қаласында 23 жастағы жігітті атып кетті
Фото: freepik
745
оқылды

Бұланды ауданының орталығы Макинск қаласының тұрғындары үшін өткен түн ұйқысын қашырды. Түнгі сағат 01.30 шамасында аудандық аурухана маңында атыс болған. Оқиға орнынан 23 жастағы жігіттің мәйіті табылды, деп хабарлайды Aikyn.kz тілшісі. 

Адам өліміне байланысты полиция күдіктіге іздестіру жұмыстарын бастаған. Полиция қылмыстық істің ізін суытпай 27 жастағы күдікті жігітті анықтады. Ол атыс қаруымен 23 жастағы танысын өлтірген. 

 Оқиға болған жерден күдікті ізін жасырып, қайтыс болған жігітке тиесілі Toyota Land Cruzer Prado 150 маркалы автокөлікпен қашып кеткені белгілі болды,  дейді Ақмола облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінен. 

Қазіргі уақытта жеке құрам мен Полиция департаментінің күш-құрылымдары күдікті азаматты ұстауға бағытталған жедел-іздестіру шараларын жүргізуде. 

 

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, 

Ақмола облысы