Роза Әлқожа жазба жариялап, келін алған қандай екенін айтты.
"Есімі Әсем": Роза Әлқожа келін алған қандай екенін айтты
3,558
оқылды

Жақында келінді болған Роза Әлқожа Instagram парақшасында жазба жариялап, келін алған қандай екенін айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Неше күнгі шаршау басылып, қыздармен құт қалтаға келдік. Келін алған жақсы екен. Қазанды ошағымен, үйді балалармен бірге Әсеміме тапсырдым", – деп жазды әнші.  

Еске сала кетейік, Роза Әлқожаның 22 жастағы ұлы Бейбарыстың үйлену тойы биыл 15 қарашада Алматыдағы мейрамханалардың бірінде өтті. Қалыңдықтың есімі – Әсем. 

 

"Жақсы болған екен. Ұзағынан сүйіндірсін. Балаларың бақытты болсын, айналайын", "Құтты болсын! Дос-жаранмен шаршауды басып, рахаттанып ішкен шай тәтті болсын!" "Құтты болсын! Адал келін болсын", – деп жазды желі қолданушылары. 

Фото: видеодан алынды