Жедел деректерге сәйкес, олар Алматы қаласы мен Алматы облысында жасырын қойып кетумен айналысқан.
«Hyundai көлігін пайдаланған»: Алматыда ерлі-зайыпты ұсталды
5,719
оқылды

Алматыда екі азамат аса ірі көлемде есірткі таратқаны үшін ұсталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

 

Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Алматының Әуезов ауданында түнгі уақытта арнайы шара жүргізді. Жедел және арнайы шаралар барысында анықталғандай, синтетикалық мефедрон есірткі затын заңсыз сақтаған және сатқан 2002 жылы туған Е. есімді азамат және оның серігі 2002 жылғы А. есімді азаматша ұсталды. Шөпті жеткізу үшін жұп Hyundai көлігін пайдаланған.

Жедел деректерге сәйкес, олар Алматы қаласы мен Алматы облысында жасырын қойып кетумен айналысқан. Жеке тінту кезінде күдіктілерден сот-химиялық сараптаманың қорытындысы бойынша, жалпы салмағы 41,75 грамм болатын 56 байлам тәркіленді. Ал жастардың тұрғылықты жерінен ұнтақты зат салынған бума, 100-ге жуық байлам, электронды таразылар табылды және тәркіленді.

Аталған дерек бойынша,  ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігінде көзделген қылмыс белгілеріне сәйкес қылмыстық іс тергелуде. Ұсталған 21 жастағы күдіктілер Алматы қалалық ПД УҰИ-ға қамалды. ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.

ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

Фото: Halyq Uni