Республика бойынша 15-28 м/с жел күшейеді, солтүстік жартысында қарлы боран, көктайғақ болады деп күтілуде.
"Қарлы боран, көктайғақ, -13 градус аяз": алдағы үш күнге ауа райы болжамы жарияланды
6,711
оқылды

Таяудағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігі белсенді циклонның билігінде болады, деп хабарлайды Aikyn.kz.

Синоптиктердің болжамынша, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады, қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) 22 қарашада батыста, солтүстік-батыста, 22-23 қарашада оңтүстікте, оңтүстік-шығыста болады деп күтілуде.

Республика бойынша 15-28 м/с жел күшейеді, солтүстік жартысында қарлы боран, көктайғақ болады деп күтілуде.

Кезеңнің соңына қарай еліміздің батысында ауа температурасының 2-12 аязға дейін төмендеуі күтіледі, республиканың шығысында түнде температураның 8-13 аяздан 0-5 жылуға дейін көтерілуі күтіледі. Қазақстанның қалған аумағында температуралық фонда айтарлықтай ауытқулар күтілмейді.

Фото: Tengrinews.kz / Алихан Сариев