Қылмыс болатын күні де ұлдарын көршісіне апарып тастап қызын ұрып өлтірген.
Екібастұзда өз анасы өлтірген 7 жасар қызды жер қойнына тапсырды
849
оқылды

Екібастұз қаласында өзінің анасы өлтірген жеті жасар бүлдіршінді туыстары бүгін жер қойнына тапсырды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

КТК телеарнасының жазуынша, 7 жасар Милана Давыдовамен қоштасуға келген еріктілер қатыгез ананың қылмысқа дейінгі әрекеттеріне қатысты тың деректермен бөлісті. Әйел өз қызына тірісінде де тыныштық бермепті.

Жерлеу рәсімін өткізуді оқушының нағашылары мойнына алған. Бірақ туыстарының ешкіммен ашылып сөйлесуге зауқы жоқ. Есесіне еріктілер қолдау көрсетіп, іздеу кезінде және бүлдіршіннің мәйіті табылған сәттегі жайтпен бөлісті. Олардың сөзінше, әйелдің қызына қатал қарағанын екі бауыры айтып беріпті. 6 және 9 жастағы ұлдарына саусағының ұшын да тигізбеген. Ал Милананы үнемі аямай сабаған көрінеді.

Қылмыс болатын күні де ұлдарын көршісіне апарып тастап қызын ұрып өлтірген. Артынша көңілдесіне айтып, мәйітті үйілген қоқыс арасына көмдіріп тастаған. Баласының жоғалғанын айтып, сосын жұрттан көмек сұрапты. Қазір күдікті келіншек сыбайласымен бірге қамауда отыр. Екі баласын бейімдеу орталығына алып кетті. Милана атасы мен әжесінің жанына жерленді.

“Үлкен ұлы Милананы анасы үнемі ұратынын айтты. Бауырларының біреуі алты жаста, екіншісі тоғызда. Оларды бірден алып кетті. Ал анасы қызын "неге өлтірдің" деген сауалға тергеушілерге "балаларым шаршатты, ешкімді тыңдамайды" деп ақталған. Баланы сол үшін өлтіруге бола ма?”, – дейді ерікті Олеся Каноненко.