21 қараша күні Ақтау қаласында қатты дауыл соқты, жылдамдығы секундына 30 метрге дейін жетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Қала тұрғындары табиғи апаттың салдарын бейнежазбаға түсірген. Дауылдан пирс бұзылып, Каспий теңізіне түсіп кеткен. Бұл жайында Lada.kz жазды.
Бейнеу ауданының Боранқұл ауылында қатты жел екі үйдің шатырын жұлып кеткен. ТЖД мәліметінше, зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.