Елордада жаңбыр, көктайғақ пен қатты жел салдарынан қала маңына қатынайтын 6 маршруттың қозғалысы тоқтатылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
CityTransportationSystems мәліметінше, елорда маңындағы елді мекендерге баратын № 300, 305, 310, 312, 328, 329 бағдарлардың қозғалысы уақытша тоқтатылды. Өзге қаламаңы автобустарының жұмысында өзгеріс жоқ.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, бүгін, 22 қарашада Астанада желдің екпіні 16-21 м/с жетеді. 23 қарашада көктайғақ пен күші 23-28 м/с артатын жел болжанып отыр. 24 қарашада Астанада жауын-шашын (негізінен қар), көктайғақ күтіледі. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшеюі ықтимал. Ауа температурасы – түнде -2-4°С, күндіз 0,+2°С.
Төтенше жағдайлар департаменті далада сақ болып жүруді, оқыс жағдай туындағанда 112 телефоны бойынша шұғыл қызметтерге қоңырау шалуды сұрайды.
Қазір қаланың коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.