23 жастағы Нұралы былтыр ақпан айынан бері ресейлік «Зенит» сапында ойнайды.
Нұралы Әліпке «Манчестер Юнайтед» қызығушылық танытты
1,611
оқылды
Нұралыға «Манчестер Юнайтед» қызығып отыр. Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліп ағылшын клубының назарына іліккен. Тіпті Словенияда өткен соңғы матчқа арнайы скауттарын жіберген. Бұл жөнінде BasSport.kz. порталы мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
 
Оған сәйкес «Манчестер Юнайтед» қорғанысқа лайықты адам таппай, қатты қиналып жатыр. Өйткені Рафаэль Варан жарақат алды. Ал Харри Магуайр мен Джонни Эванс сенімсіз. Оның үстіне Нұралы сол аяқпен өте сауатты өнер көрсетеді делінген. «Трансфермакет» порталы қазақстандық футболшыны 2 миллион еуроға бағалап отыр.
 
Айта кетейік, 23 жастағы Нұралы былтыр ақпан айынан бері ресейлік «Зенит» сапында ойнайды. Санкт-Петерборлық клуб оны алматылық «Қайраттан» 2 миллион еуроға сатып алған еді.