Күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды.
«Oil Construction Company» ЖШС бас директорының орынбасары ұсталды
2,111
оқылды

Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет квазимемлекеттік сектор саласындағы заңсыз баюдың жемқорлық схемасын ашты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Осылайша, жүргізілген жедел-тергеу іс-шаралардың нәтижелері бойынша «Oil Construction Company» ЖШС Бас директорының орынбасары бизнес өкілдерінен бірнеше рет пара алу фактісі бойынша әшкереленді.

"Маңғыстау облысының тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз етуге бағытталған «Кендірлі» демалыс аймағы», «Тоқымақ» жерінде теңіз суын тұщыту зауытын салу» инвестициялық жобаны іске асыру шеңберінде ақшалай қаражатты кедергісіз аудару үшін пара алған", – делінген хабарламада.

Күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Фото: gov.kz