ТЖМ автотұрақтарда электромобильдерді қуаттауға тыйым салды.
Енді электромобильдерді автотұрақтарда қуаттауға болмайды
akkamulik.by
800
оқылды

Ведомство автотұрақтарда электрмен жүретін көліктерді қуаттау өрт қаупін тудыратынын мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ал Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, 2023 жылдың 25 қыркүйегіндегі жағдай бойынша республикада 6,5 мыңнан астам электромобиль жүр.

Төтенше жағдайлар министрлігі электр көліктері мен оларды қуаттау станцияларын орналастырудың халықаралық тәжірибесін зерделей отырып, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтік құқықтық актілерге зарядтау станцияларын орналастыруға қойылатын талаптарды белгілеу бөлігіне түзетулер енгізу қажет деп санайды.

"Министрлік Қытай мен Түркияға электр көлігін пайдаланудың практикалық тәжірибесін зерделеуге сұраныс жіберді", – делінген мәліметте.