Күдікті Астана қаласындағы тергеу изоляторына қамалды.
7 жыл бойы халықаралық іздеуде болған қазақстандық Латвиядан экстрадицияланды
©Tengrinews.kz
781
оқылды

Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен Бас прокуратура және ІІМ Интерпол қызметкерлері қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін алаяқтық жасаған қазақстандықты Латвия Республикасынан елге экстрадициялады,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

"2016 жылы күдікті бір топ адаммен бірлесіп жәбірленушіге өздеріне тиесілі емес пәтерді сатқан. Сөйтіп, сатып алушыға 12 млн теңге көлемінде залал келтірген.

Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланған. Кейіннен ол Латвия аумағынан ұсталды",  делінген ресми хабарламада.

Қазір ол Астананың тергеу изоляторында қамауда отыр. 

Аталған қылмысты жасағаны үшін мүлкін тәркілеп, 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.