ҚР Парламенті Мәжілісінің заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшелері есірткіге қарсы күрес мәселелерін талқылады, – деп хабарлайды Aikyn.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Олар Ақмола облысы Аршалы ауданындағы №2 түзету мекемесінің жұмысымен, жазасын өтеп жатқан адамдардың жай-күйімен танысты.
Сонымен қатар депутаттар Қарағанды қаласындағы отбасына көмек көрсетудің бірыңғай орталығына, облыстық ПД кинология орталығына, әділет органдарына тиесілі сараптама орталығына барды.