Мемлекеттік қызметші арнайы техниканы жедел тіркегені үшін кәсіпкерден пара алған.
Атырауда «жедел қызметі» үшін 87 мың теңге  пара алған шенеунікке 3 миллион теңге айыппұл салынды
1,377
оқылды

Атырауда  қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің лауазымды қызметкеріне  қатысты қылмыстық іс қаралды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Мемлекеттік қызметші арнайы техниканы жедел тіркегені үшін  кәсіпкерден жалпы сомасы 87 мың теңге болатын пара алған.

Атырау қаласының №2 соты аталған қызметкерді мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, оған 3 млн  теңге мөлшерінде айыппұл салды. Сонымен бірге Антикордың ұсынысымен Атырау қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Баян Жанұзақова