Алматы облысында он бір жастағы жасөспірім өз-өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бала Ұзынағаш ауылындағы мектептердің бірінде алтыншы сыныпта оқып жүрген. Білім бөлімі оқушының толық және бақуатты отбасында өскенін мәлімдеді.
Қайғылы оқиға демалыс күні ата-анасы үйде, ал бала ағасымен ойнап жүргенде болған. Отбасында ешқандай жанжал болмаған.
"Баланың мектепте де ешқандай жанжалы болған жоқ. Үйінде өз бөлмесінде болған, кейін өлі күйінде табылды", - деді Жамбыл аудандық білім басқармасының басшысы.
Облыстық полиция департаменті оқиғаның 18 қарашада тіркелгенін мәлімдеді.
"Бұл деректі полиция Қылмыстық кодексінің 105 "Өзін-өзі өлтіруге итермелеу" бабы, қылмыстық құқық бұзушылық фактісі бойынша тіркеді”, – делінген хабарламада.
Құқық қорғау органдарының қызметкерлері соңғы процессуалдық шешім қабылдау үшін жедел-іздестіру шараларын және сараптамалық тексерулер жүргізеді.