Бортта 161 жолаушы болған, оның ішінде 21-і бала, апатты қону салдарынан олардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ.
Сочидан Омбыға ұшқан ұшақ шұғыл қонды, жолаушыларға 80 миллион теңге төленді
711
оқылды

Ресейдің Новосібір іргесіндегі алқапқа шұғыл қонған ұшақтың жолаушыларына өтемақы төленді, – деп хабарлайды Aikyn.kz «Коммерсантъ» Telegram арнасына сілтеме жасап.

Басылымның жазуынша, өтемақының жалпы сомасы – 15,8 миллион рубль (23 қарашадағы жағдай бойынша бұл шамамен 82 миллион теңге).

"158 адамның әрқайсысы 100 мың рубльден (шамамен 519 мың теңге) ақша алды", – делінген БАҚ-та.

Анықталғандай, тағы бірнеше адам мұндай мүмкіндікті біле тұра, әлі төлемге өтініш бермеген.

Естеріңізге сала кетейік, 12 қыркүйекте Сочи-Омбы бағытында ұшқан «Орал әуе жолдары» компаниясының А-320 ұшағы шұғыл түрде Новосібір облысындағы егістікке қонған еді. Бортта 161 жолаушы болған, оның ішінде 21-і бала, апатты қону салдарынан олардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Ұшақ бортында қазақстандықтар да болған.