Ұсталғандар қабылдау-тарату орнына орналастырылды.
Атырау облысында құжатсыз жүрген Қытай азаматтары ұсталды
961
оқылды

Атырау облысында құжатсыз жүрген 4 қытайлық азамат ұсталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Атырау ПД-ға сілтеме жасап.

– 22 қараша күні сағат 10:30 шамасында Атырау қаласы Каспий ықшамауданында орналасқан тұрғын үйлердің бірін тексеру кезінде Қытай Халық Республикасының 4 азаматының жеке басын анықтайтын төлқұжаты жоқ екенін анықтаған, – делінген хабарламада.

Шетел азаматтары қабылдау-тарату орнына орналастырылып, оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 5-тармағы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, Атырау қаласы полиция басқармасы көші-қон қызметі бөлімінің инспекторлары жинақталған іс-құжаттарды сотқа жолдаған.