Статистикаға сәйкес 2015-2022 жыдары аралығында елде орташа есеппен 16 мың ЖКО орын алады, онда 2 мыңнан астам адам қайтыс болып, 18 мыңнан астам адам жарақат алады. Апаттың 75% елді мекендерде болатынын ескерген жөн, олардың басты себебі- жылдамдықтың асыруы. Sergek Group Ортақ құрылтайшы және бас директор Асет Ахметов не себептен жол-көлік оқиғаларындағы өлім санын азайту үшін жол қауіпсіздігі жүйелерін орнату ғана жеткіліксіз екенін айтты.
“Сергек әсеріне” қатысты, басында ЖКО-да құрбандардың саны жоғары болып табылатын қалаларда қазір жол қауіпсіздігінің нәтижесі аса жоғары. Мысалы, жүйе бірінші жыл жұмыс істеген кезде Астана қаласында ЖКО-да қайтыс болғандар саны 43%-ға – 60-тан 34-ке дейін азайды және келесі жылдары да сол деңгейде сақталып қалды. Алматы қаласында (2019-2022) – 138-ден 81-ге азайды. Шымкент қаласында (2020-2022) – 57-ден 38-ге азайды.
“Халық тығыз орналасқан, машиналардың саны көп және көлік ағымы үлкен қалалар туралы сөз еткенде, бұл ретте жол қауіпсіздігі жүйесінің нәтижесі бірден белгілі. Бұдан әрі стагнация немесе регресс болады. Сондықтан ЖКО-да өлім санын азайту және оның көрсеткішін нөлге жеткізу үшін, трафикті тыныштандыру жөніндегі физикалық шаралардан және көшелердің жобалануын және стандарттарын өзгертуден тұратын кешенді шара қолданылуы тиіс”, – деп Асет Ахметов өз ойымен бөлісті.
ҚР ІІМ Әкімшілік полиция төрағасы Қайсар Сұлтанбаев өзінің баяндамасында ЖКО негізгі себебі жүргізушілердің және жаяу жүргіншілердің жол жүру ережелерін бұзу ғана емес, жол және инфрақұрылымның жағдайы екенін атап өтті. “Кездейсоқ бұзушылық кезінде адамның өмірін сақтау қалі үшін жағдай жасау қажет немесе қарапайым сөзбен айтқанда – қателікті кешіретін жолдар қажет. Жол инфрақұрылымын дамытумен қатар заңнаманы және бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру бағыттарын өзгерту қажет. Біз Парламент Мәжілісіне орташа жылдамдық түсінігі, оны есептеу тәртібі мен жылдамдық асырғандығы үшін жауапкершілікке тарту бойынша заңнама ұсыныстары әзірленіп, енгізілді”, –деді Сұлтанбаев.
Сонымен қатар ол электрсамокаттары мен мопедтер қозғалысы, заңсыз интернет-агрегаттары қиындықтарын пайдаланатын автотасымалдаушылар мәселесін, соңғы 5 жылда 26%-ға, 3,9 млн-нан 5 млн бірлікке дейін көбейген еліміздегі автотұрақтар санының қарқынды өсуін атап өтті. Бұл тұрғыда автомобильдердің техникалық жағдайы тиісінше бақылау жүргізілмейтінін де ескертті. Осы аталған барлық факторлар көлік тәртібінің төмен болуымен қиындай түседі. Осы ретте биылғы жылдың 10 айында ЖЖЕ 7 млн астам бұзушылар, шамамен 19 мың “мас күйінде” жүргізуші ұсталған, сот шешімі бойынша 12,5 мың жүргізуші жүргізу құқығынан айырылған, 19 мың адам әкімшілік тұтқынға алынған.
Әкімшілік полиция басшысы жоғарыда аталған проблемалардың шешімі Мемлекетік басшысының тапсырмасы бойынша әзірленген қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасы жобасында көзделгендігі туралы қорытынды жасады. Тұжырымдаманың іс-шараларын іске асыру сапасы ЖКО кезінде өлім санын төмендету индикаторымен бағаланады.
Q-88 Қазақстан урбанистер қауымдастығының атқарушы директоры Мадияр Даурбаев Алматы қаласында және еліміздің тағы алты өңірінде жол қауіпсіздігінгің жаңа шараларын әзірлеу және енгізу бойынша ПРООН, Freedom Holding Corp. и Sergek Group серіктестерімен бірлесіп жұмыстар атқарылғандығы туралы айтты.
“Біздің жұмысымыз осы бағытта енді басталмақшы. Біз Қазақстанның барлық түкпіре жерлерін қамту үшін және барлығы және әрқайсысымыз үшін қалаларымызды аса қауіпсіз ету үшін келесі жылы басқа облыстарда қызметімізді және өзара іс-қимылды кеңейтуге бағытталдық. Vision Zero Almaty форумы жол қауіпсіздігі саласында идеялармен, ұсыныстармен және үздік тәжірибелермен алмасуға керемет мүмкіндік береді. Осы алаңда біз бірге отбасымыз, балаларымыз және келешек ұрпақ үшін қолайлы қала құруға ықпал ететін жаңашыл шешімдерді таба аламыз”, – деп сөзін қорытты Даурбаев.
Ұйымдастырушылар ЖКО-да өлім саны мен жарақаттануышылар санын азайту мақсатына жету үшін, Қазақстанда Vision Zero шведтік бағдарламасын енгізу бойынша бастамашылықты ұсынды. Ол жылдамдық режиін төмендету, қоғамдық көлік жүргізушілерін оқыту бағыттарын өзгерту және трафикті тыныштандыру жөніндегі әр түрлі шаралардан тұрады.
«VISION ZERO ALMATY» форумы қоғамдық талқылау және Қазақстанда қауіпсіз жолға қол жеткізуде бірлесе күш-жігер салудың алаңы бола алды.