25 қараша күні еліміздің 15 аймағында күн райы бұзылады, – деп хабарлайды Aikyn.kz "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Түнде Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, күндіз өңірдің батысында, солтүстігінде боран, көктайғақ болады деп болжанады. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түсуі ықтимал. Түнде өңірдің басым бөлігінде батыстан, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, шығысында 23-28 м/с, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде 25 м/с дейін жетеді деп күтіледі. Көкшетауда жолдарда көктайғақ болады. Түнде және таңертең оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні – 15-20 м/с.
Ұлытау облысының оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Түнде облыстың шығысында батыстан, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 18 м/с құрайды.
Түнде Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында қарлы боран болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында көктайғақ болуы мүмкін. Күндіз облыстың оңтүстігінде тұман болады. Түнде облыстың солтүстігінде оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі.
Түнде Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде өңірдің басым бөлігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соққан желдің екпіні – 15-20 м/с. Орал қаласында түнде көктайғақ болады деп күтіледі.
Түнде Қостанай облысының батысында, солтүстік-батысында, күндіз облыстың солтүстік бөлігінде көктайғақ, боран болады деп болжанады. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман түсуі ықтимал. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Қостанайда боран, көктайғақ болады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ақтауда оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі.
Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ, боран болады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде оңтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Ақтөбеде көктайғақ, түнде боран болады деп күтіледі. Оңтүстіктен соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.
Қызылорда облысының солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі.
Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар жауады деп болжанады. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде көктайғақ, боран болады деп күтіледі. Түнде облыстың шығысында, күндіз оңтүстікте, облыстың батысында батыстан, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Петропавлда көктайғақ, боран болады деп күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.
Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман болады деп күтіледі. Өңірдің оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды, 25 қарашаға қараған түні - 23-28 м/с, күндіз 26-27 қарашада - 25 м/с. Таразда тұман болады деп күтіледі.
Түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде аракідік қатты жауын-шашын (негізінен қар) болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде боран, тұман, көктайғақ болады деп болжанады. Өңірдің солтүстігінде, батысында, орталығында оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Өскеменде оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні – 15-20 м/с.
Түнде және таңертең Абай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде боран, тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында оңтүстік-батыстан, батыстан 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с жылдамдықпен жел соғады. Семейде оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.
Түнде Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан соққан желдің 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Павлодарда түнде көктайғақ болып, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с, түнде - 23 м/с.