Алматы тұрғындары бүгін денсаулықтарына барынша сақтықпен қарауы тиіс.
Бүгін Алматыда ауа сапасы нашарлайды
461
оқылды

«Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

25 қарашада ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары Алматы қаласында күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.