Бұған дейін Қытайдағы жүздеген бала пневмонияның бір түрін жұқтырғаны айтылған, алайда бұл белгісіз індет емес, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Қытайдың солтүстігінде ауруханалар лық толып, балалар сыймай жатыр деген мәліметтер белгілі болған. Ахуалдан хабардар болу үшін ДДСҰ Қытай билігіне елдегі жағдай туралы толық есеп беруді сұраған.
"Қытай билігі Бейжің мен Ляонинді қоса алғанда, ерекше немесе жаңа патогендер, белгісіз клиникалық көріністер табылмағанын, тек белгілі патогендердің көптігінен тыныс алу жолдары ауруларының таралғанын хабарлады", – деді ДДСҰ баспасөз қызметі.
Қытай бұл ауру микоплазмалық пневмония, аденовирус және тұмаудан туындаған инфекциялардың жиынтығынан туындады деп болжауда.
Бұған дейін Қытайда белгісіз пневмония түрі тарады деген ақпарат шыққан еді.