Бірнеше күн бұрын Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауылында жоғалып кеткен ер адамның мәйіті табылды, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
БҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Ақжайық ауылынан 10 шақырым жерде із-түзсіз жоғалған ер адамның денесі табылды.
Мәйітте зорлық-зомбылық белгілері жоқ. Өлімнің себебін анықтау үшін мәйіт сараптамаға жіберілді.
Полицейлер ер адамның 22 қарашада жоғалып кеткенін және сол күні ауданда қатты боран болғанын атап өтті. Марқұм жұмыстан сағат 10.00-де шыққан, алайда үйіне оралмаған.
Оны іздеуге тікұшақ тартылған болатын. Бірақ іздеу жұмыстары нәтиже бермеді.