Бұл рәсім 1994 жылдан бері үздіксіз өткізіліп келеді.
Астанада студенттер қатарына қабылдау кешінде Қазақстанның ең үлкен Туы ашылды
1,123
оқылды

Астанада Maqsut Narikbayev University бірінші курс білімгерлерін студенттер қатарына қабылдау кеші өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Жекпе-жек» сарайында өткен іс-шараға Асхат Аймағамбетов, Ләйлә Сұлтанқызы, Елнұр Бейсенбаев және тағы да басқа елге танымал тұлғалар қонақ болып қатысты. 

Бұл рәсім 1994 жылдан бері үздіксіз өткізіліп келеді, аталған іс-шара университетке жаңа студенттерді қабылдаудың маңыздылығын көрсетеді. Биылғы салтанатты іс-шара университеттің келер жылы тойланатын 30 жылдығына орайластырып, «30 жыл – бұл тек бастама» деген атаумен өткізілді.

Сондай-ақ кеш бағдарламасы аясында – Қазақстанның ең үлкен Туының ашылу рәсімі өтті. Жібектен тоқылған тудың ауданы 80 шаршы метрді құраса, салмағы 60 келіге жуық болды. Аталған іс-шараның хедлайндері ретінде эстрада жұлдыздары – Қайрат Нұртас пен Дастан Оразбеков көрермендер алдында өнер көрсетті. Бұл ауқымды іс-шараға 5 мыңнан астам адам қатысты.

Шара барысында университеттің жоғары мектептері әлеуметтік жоба мен театрлық қойылым бойынша өзара сайысқа түсті. Әділқазылар алқасының құрамында Арай Әлімхан, Әсел Ақпар, Amre, Дина Тәженова, Дина Сансызбаева секілді танымал тұлғалар болды. Жеңген команда ұрпақтан ұрпаққа табысталып келе жатқан кубокты иеленді. Айта кету керек, студенттер бұл іс-шараға үш ай бойы дайындалған болатын.