Ұшақ ауа райының қолайсыздығына байланысты Атырауға қонуға мәжбүр болды, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
"Бүгіндері Оралды тұман басып, айналаның көріну деңгейі төмен болуына байланысты әуежайда ұшуға қолайсыздық туындаған. Осыған байланысты Астанадан Оралға қатынайтын рейстер кешігіп жатыр, ал Алматы-Орал КС 881 рейсі Атырау қаласының әуежайына мәжбүрлі түрде қонды", - деп хабарлады әуекомпания.