ТЖД әзірге нақты мәлімет берген жоқ.
Ақмола облысында үй өртке оранды, үш бала көз жұмды
789
оқылды

Кеше Ақмола облысының Қошқарбаев ауылында жеке үй жалынға оранды, үш жасөспірім көз жұмды, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

25 қараша күні Ақмола облысының Целиноград ауданындағы Рахымжан Қошқарбаев атындағы ауылда тұрғын үй өртке оранды. Өрт кезінде үш бала қаза тапты. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер өрттен екі жасар бала мен алты жасар қыздың мәйітін алып шыққан. Кейін үйінді астынан тағы бір бала өлі күйінде табылды.

"Алты айлық сәби ғана аман қалды", - деп жазылған 716kz сайтында.

Бала оқиға орнына жеткен жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.

Ақмола облысының өрт сөндірушілеріне өртті сөндіруге арнайы екі көлікпен келген 12 адамнан тұратын астаналық құтқарушылар көмектесті.