Төтенше оқиға 26 қараша күні таңертеңгі уақытта болған.
Қарқаралы мен Қарағандының арасында Lada мен Mercedes соғысып, екі адам көз жұмды
684
оқылды

Әлеуметтік желідегі Patriotkaragandy парақшасында жарияланған дерекке сәйкес, тасжолда Lada Vesta мен Mercedes Benz көліктері апатқа ұшыраған, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Оқыс оқиға таңғы сағат 08:50-де Қарағанды ​-Қарқаралы жолының 1-шақырымында болды.

Mercedes Benz көлігінің 25 жастағы жүргізушісі мен оның 44 жастағы жолаушысы оқиға орнында көз жұмды.

Lada көлігінің 30 жастағы жүргізушісі мен оның 51 жастағы жолаушысы ауруханаға жеткізілді.