Алпауыт компанияларда бәрі алдын ала болжанып, жоспарланып қояды. Басшыны ауыстыру мәселесі ұзақ келісімдер мен жан-жақты екшелген, нарықтың көзқарасына байланысты қабылданады. Google, Apple мен Amazon басшылары да көпшілікке айтылмағанымен алдын ала таңдалады.
Apple бас директордың жалақысын 40%-ға қысқартты. Енді ол 49 миллион доллар алады
Фото Apple сайтынан алынды
2,072
оқылды

Жақында BBC Sounds қызметіне берген сұхбатында Тим Кук зейнеткерлікке шығудың сабақтастыққа негізделген жоспары бар екенін айтты. Қазіргі кезде жасы үлкен технологиялық менеджерлердің бірі, 63 жастағы миллиардер Тим Куктің жоспары туралы Aikyn.kz хабарлайды. 

iPhone үшін жасалған BMW Digital кілтімен көлікті басқаруға болады. Фото ma-bmw.com сайтынан алынды

Бүгінгі бас директор қазірше Apple-ден кетуді жоспарламаса да, компанияның басқару жүйесінде сабақтастықты жалғастыратын егжей-тегжейлі жоспар бар екенін мәлімдеді. Басқаша айтқанда, Кук басшылықтан кеткеннен кейін қол астындағылар бас директор креслосы үшін шайқаса алмайды. Өйткені бәрі алдын-ала жоспарланып қойған. Бас директордың толық аты – Timothy Donald Cook.

Әлемдегі ең табысты технологиялық алпауыттың бас директорының 2022 жылдағы жылдық табысы 99,4 млн доллар болған. Оның ішінде, 3 млн доллар таза базалық жалақысы, 83 млн доллар акция түріндегі табысы және қалған 13,4 млн доллар бонус түрінде берілген.

2023 жылы Тим Кук өзінің жалақысын 40% қысқартуға өтініш жазған. Биыл ол 49 млн доллар жалақы алады. Оның жалпы байлығы 1,9 млрд доллар деп бағаланады. Сол жылы Apple қызметкерінің орташа жалақысы 2020 жылдағы мәліметтер бойынша 68 254 долларды құраған. 

Бас директордың адами қасиеттері мен қарапайымдылығын мына видеодан байқауға болады (субтитрды қазақша немесе орысша таңдап көріңіз):

Куктың қызметтен кету жоспары туралы әңгіме соңғы жылдары бірнеше рет көтерілген еді. Кезінде компанияны құрған Стив Джобс та өзінен кейін кім болатыны туралы ақпаратты тым жасырын ұстаған болатын. Кук Apple-дің болашақ жоспарлары мен өзінің өмірі туралы жақында BBC Sounds арнасында Дуа Липаға берген сұхбатында да толық айтып өтті.

«Біз сабақтастық жоспарлар бойынша жұмыс істеуге сенетін компаниямыз, сондықтан бізде басқаруға байланысты өте егжей-тегжейлі жоспарлар бар. Өйткені күтпеген оқиғалар әрқашан болуы мүмкін. Ертең мен тротуардан жолға байқамай шығып кетуім мүмкін. Бұл болмайды деп үміттенемін және бұлай болмауын сұраймын», – деген еді Кук бұл сұхбатта. 

Журналист Дуа Липа оның мұрагері кім екенін сұрағанда, Кук: «Мен бұл туралы айта алмаймын. Бірақ менің жұмысым бірнеше адамды басшылыққа дайындау деп айтар едім және мен болашақ басшының Apple компаниясынан шығып, келесі бас директор болғанын қалаймын. Бұл менің рөлім: компанияның директорлар кеңесі бірнеше адамның ішінен таңдауы керек», – деп жауап берген.

Фото Digital Trends сайтынан алынды

Осы орайда, Кук соңғы жылдар ішінде әділетсіз сынға ұшырады деп айту орынды деп ойлаймын. Кейбір сарапшылар оның басшылығындағы «инновацияның жоқтығын» сынағанымен, бұл көзқарас революциялық өнімдерді күнде шығару қиын екенін ескермейді.

Ал, Apple компаниясы Куктың жетекшілігімен iPhone X, Apple Watch және Vision Pro-ны жасады. Apple Куктың басшылығы кезінде 3 триллион долларлық компанияға айналды.

Тұтастай алғанда, Кук үлгілі бас директор деп саналады. Сондықтан Стив Джобстың оны неге бұл рөлге таңдағанын түсіну қиын емес.