Орал қаласында әйел адам басына кірпіш құлап қайтыс болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz «Мой город» басылымына сілтеме жасап.
Қазір тергеу тобы мен әкімдік өкілдері қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
«Оқиға 26 қарашада болған. Орал қалалық ПБ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Назарбаев даңғылы бойындағы №236 үйдің жанынан өтіп бара жатқан әйелдің басына кірпіш құлаған. Ол алған жарақатынан сол жерде көз жұмды», – делінген хабарламада.