Бұл астероидты америкалық астрономдар 2007 жылы ашқан. Бірақ ол 1 күннен кейін «жоғалып» кеткен. Ғалымдарды астероидтың Жерге соқтығысу мүмкіндігі алаңдатуда.
Қауіпті астероид Жерге жақындап келеді
Иллюстрация ts2.space сайтынан алынды
2,438
оқылды

2007 жылы алғаш рет табылғаннан кейін телескоптар «жоғалтып» алған астероид Жермен соқтығысуы мүмкін екенін ғылыми есептеулер көрсеткен. Бул туралы ts2.space сайтында жарияланған мақалада жазылды. 2007 FT3 деген атау берілген астероидтың Жерге соқтығысу зардаптары мен ықтималдығына Aikyn.kz талдау жасайды.

Фото Depositphotos сайтынан алынды

6 жыл бұрын ашылған, содан бері ғылыми орталықтар таба алмаған астероид Жерге қарай ұшып келе жатқанын арнайы жүргізген есептеулер көрсеткен.

Оны «жоғалтып» алғаннан бері де NASA-ның Жерге жақын объектілерді зерттеу орталығы (CNEOS) астероидты және бүгінге дейін белгілі 32 000 басқа да Жерге жақын астероидтарды бақылауда.

Бұл орталық әрбір аспан объектісінің траекториясын анықтаумен, олардың қандай бағытта ұшып келе жатқанын есептейді. NASA-ның осы орталығының мамандары «жоғалтып» алған 2007 FT3 астероиды келесі жылы қазан айында Жерге соқтығысуы мүмкін екенін анықтаған.

Фото Adobe сайтынан алынды. Авторы: Aliaksandr Marko

Алайда мамандар ешқандай қауіп жоқ деп айтуда. Әзірше астероидтың жолын толық анықтау мүмкін емес, өйткені одан ғалымдар ғарышта көз жазып қалған.

Ал 2024 жылдың қазан айында жоғалған астероидтың Жерге соқтығысу мүмкіндігі шамамен 11,5 миллионнан 1-ге тең. Егер ол Жерге соқтығысса, астероид 2,6 миллиард тонна тротил күшімен жарылады.

Бұл планетаны жою үшін жеткіліксіз болады, бірақ ол планетаның қандай аймағына соғылса да үлкен зиян келтіреді және бүкіл әлемде соққы толқындарын тудыруы мүмкін. Жерге диаметрі 500 км болатын астероид соқтығысса салдары қандай болатыны мына видеода көрсетілген:

Дәл осы сәтте көзге көрінбейтін астероид Жерге қарай ұшып келе жатыр деп ойлаудың өзі қорқынышты. Жерге жақын орналасқан 30 000-нан астам астероидтарды тауып, бақылағанына қарамастан, NASA және басқа агенттіктер Күннің жарқыраған жарығында адамзатқа белгісіз үлкен астероидтар немесе кометалар бар екеніне сенімді.

NASA мен басқа агенттіктер астероидтардың планетамызға соқтығысу ықтималдығын азайту жолдарын жасау үшін әртүрлі тәсілдерді сынақтан өткізуде. Соның бірі, өткен жылы аяқтаған америкалық агенттіктің DART технологиясы.

NASA «жоғалған» астероид ғарыштың қандай түкпірінде ұшып келетініне сенімді емес. Бірақ мамандар бұл астероидтың Жерге соқтығысу мүмкіндігі өсетін болса америкалық агенттік қырағы болып, оны алдын ала анықтайтын болады деп сендіруде.