Жүргізуші 20 тонна жұмыртқаны Астанадан Ақтауға тасымалдап бара жатқан.
Ақмола облысында 20 тонна жұмыртқа тиеген фура аударылып қалды
1,232
оқылды

Ақмола облысында «Көкшетау-Рузаевка» тасжолында жұмыртқа тиелген фура аударылып қалды. Жүргізуші көктайғақ салдарынан рөлге ие бола алмай қалған, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Облыстық ПБ баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 26 қараша күні «Көкшетау-Рузаевка» тасжолының 21-шақырымында болған.

«Вольво» көлігінің 46 жастағы жүргізушісі рөлді басқара алмай, көлік жолдың бүйіріне аударылып кеткен. Полицейлер жолды тексере келе, сол уақытта жол жамылғысының көктайғақ болғанын, алайда аталған жолға көктайғаққа қарсы қоспа себілгені белгілі болды. Тәртіп сақшылары анықтағандай, жүргізуші Ақтөбе қаласының тұрғыны 20 тонна жұмыртқаны Астанадан Ақтауға тасымалдап бара жатқан», – делінген хабарламада.

Демалыс күндері ауа райының нашарлауынан Ақмола облысында 18 жол-көлік оқиғасы болды.