Әнші Төреғали Төреәлінің жұбайы Толқын Тұрарбекқызы әлеуметтік желідегі парақшасында күйеуінің төрт әйел аламын деген сөзіне қатысты жауап берді, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
«Біріншіден, тағдырыма екінші әйел алу жазылған болса, аламын, жазылмаған болса, алмаймын деді...Екіншіден, екінші әйел алатын болса, менен сұрамайды. Міндетті емес. Сондықтан қарсымын ба, жоқ па айта алмаймын. Иә, ауыр мүмкін, бірақ ақиқаты сол», - деп жазды ол.
Айта кетейік, бұған дейін Төреғали Төреәлі көп әйел алуға қатысты ойын айтқан болатын.