Жақында құзырлы орган өкіліне іздеу жариялануы мүмкін.
Майнингке арналған құрылғы ұрлаған: тергеу басқармасының басшысы күдікке ілінді
731
оқылды

Қазіргі таңда полиция қызметкерлері оның қайда екенін анықтап жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ulysmedia.kz сайтының жазуынша, Қарағанды облысы Полиция департаменті тергеу басқармасының басшысы Рустам Құлкеев майнингке арналған жабдықты ұрлады деген күдікке ілінген.

Бұл жабдық қылмыстық іс аясында тәркіленген.

Ұрлық бабы бойынша қозғалған істе Құлкеевтің қарамағындағылар да бар.

Егер Құлкеев шақыру бойынша келмесе, оған іздеу жарияланады.