Ер адам алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.
Өскеменде автобус жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті
690
оқылды

Өскеменде автобус жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Зардап шеккен ер адам алған жарақаты салдарынан оқиға орнында қайтыс болды,  деп хабарлайды Aikyn.kz YK-news-ке сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 28 қараша күні таңғы сағат 06.00 шамасында Абай даңғылында болған.

«Гаванский көпірі» аялдамасы маңында жол апаты болды. Автобус жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Ер адам алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды», – делінген ШҚО ПД өкілдері таратқан хабарламада.

Қазір ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы  3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.