Павлодар облысында екі оқушыны көлік қағып кетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Облыстық Полиция департаментінің хабарлауынша, 26 қараша күні Екібастұз қаласында М.Жүсіп көшесі бойымен келе жатқан Shevrolet Cobalt маркалы автокөлігінің жүргізушісі кәмелетке толмаған баланы қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккен оқушы ауруханаға жеткізілді.
Ал 27 қарашада Павлодар қаласының Павлов көшесі бойында ВАЗ-21906 маркалы көліктің иесі белгісіз жерде жолдан өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қақты.
«ЖКО фактілері бойынша тексеріс жүргізілуде. Сараптамалар тағайындалды», – деді департаменттен.
Тәртіп сақшылары жаяу жүргіншілерден жолды кесіп өткенде мұқият болуды сұрайды.